$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«140-тан астам бала түнгі уақытта қыдырған»: Түркістан облысында ата-аналар жазаланды

Полицейлер ата-аналарды балаларының мінез-құлқы мен тәрбиесін қадағалауға шақырады

«140-тан астам бала түнгі уақытта қыдырған»: Түркістан облысында ата-аналар жазаланды
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында полиция түнгі уақытта үйден тыс жерде болған 140-тан астам жасөспірімді анықтады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыста жүргізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері алғашқы тәулікте 200-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Жұмыс барысында полицейлер балаларды тәрбиелеу жөніндегі талаптарды тиісінше орындамағаны үшін 15 жасөспірімнің ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол берудің 8 фактісі анықталды.

Ал жасөспірімдерге темекі, алкоголь өнімдерін сатқаны үшін сауда орындарының 2 сатушысы жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың заңмен белгіленген уақыттан кейін ойынханаларда болуының 14 жайтын анықтады. Заңды өкілдерінің еріп-жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болған 148 жасөспірімді тіркеді. Ішкі істер органдарына құқық бұзушылық жасауға бейім 13 кәмелетке толмаған мен 9 қолайсыз отбасы профилактикалық есепке қойылды. 

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында жазғы демалыс кезінде суда жүзудегі құқық бұзушылықтар мен қауіпсіз мінез-құлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полицейлер ата-аналарды балаларының мінез-құлқы мен тәрбиесін қадағалауға, олардың түнгі сағат 22:00-ден кейін үйден тыс жерде немесе ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз жүрмеуін қадағалауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары