Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына жолдама алды

Azattyq Rýhy

Одан бөлек, тағы бірнеше отандық теннисші ел намысын қорғайды

Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына жолдама алды
Фото: ktf.kz

Қазақстан теннис федерациясы алдағы Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын теннисшілер есімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Құрамды жасақтау Олимпиада регламенті негізінде жүргізілді, оған сәйкес ойындарға қатысуға рұқсат берудің негізгі біліктілік критерийі ойыншылардың ATP және WTA әлемдік рейтингтеріндегі жеке позициялары болып табылады.

«Биыл Олимпиадалық теннис жарыстарында Қазақстанның намысын: жекелей сында - Елена Рыбакина (№4), Юлия Путинцева (№34), Александр Бублик (№23) және Александр Шевченко (№58), жұптық сында – Александр Бублик/Александр Недовесов қорғайтын болады», - делінген хабарламада.

Алдағы Олимпиадада Қазақстан теннис құрамасы үшін алғаш рет әлемнің 58-ші ракеткасы Александр Шевченко өнер көрсетеді. Халықаралық теннис Федерациясы (ITF) Шевченконың Қазақстанмен бұрыннан келе жатқан мәдени және отбасылық байланыстарын, сондай-ақ оның анасының Жезқазған қаласының тумасы екенін ескеріп, оған еліміздің туы астында өнер көрсетуге рұқсат берді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.