Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде күн бұлттанып, найзағай онайды
Батыста қатты ыстық сақталады
Бүгін Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында қатты ыстық сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде де ауа температурасы жоғары болмақ.
Ұлытау облысы
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 05 шілдеде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысы
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі, күңдіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше (5 класс) өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 05 шілдеде түнде найзағай, күңдіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысы
Күндіз Алматы облысының және Алматы қ. таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с Алматы қ.: 05 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 05 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысы
Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 35-40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астана
Астана қ.: 05 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.
Түркістан облысы
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Абай облысы
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қ.: 05 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысы
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай: 05 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
Күндіз Батыс Қазақстан облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 05 шілде күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 05 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысы
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысы
Атырау облысында күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Атырау қ.: 05 шілде күндіз 37-39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
Ақтөбе облысы
Күндіз Ақтөбе облысының батысында 37 градус қатты ыстық сақталады.
Ақмола облысы
Ақмола облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 05 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 05 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысы
Күндіз Павлодар облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Павлодар қ.: 05 шілде найзағай күтіледі.