Бүгін батыс аймақта күн ыстық болады

Azattyq Rýhy

Солтүстікте күн бұлттанып, найзағай ойнауы ықтимал

Бүгін батыс аймақта күн ыстық болады

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.

«Алматы облысының батысы мен солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, Маңғыстау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі», - делінген хабарламада.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.