Тегін дәрі-дәрмек тізімінен 38 препарат алынып тасталды

Azattyq Rýhy

Барлығы 32 ауруды емдеуге тағайындалған препараттарды тізімнен алып тастау жоспарлануда

Тегін дәрі-дәрмек тізімінен 38 препарат алынып тасталды
Фото: freepik.com

Тегін дәрі-дәрмек тізімінен 38 препарат алынып тасталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мұндай бұйрық жобасы Денсаулық сақтау министрлігінде әзірленді. Бұрын амбулаториялық емделуге жеңілдікпен берілген дәрі-дәрмектерді енді пациенттер тегін ала алмайды.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылған препараттар тізімінен мыналарды алып тастауды ұсынылды:

  • «Омепразол»,
  • «Амоксицилин»,
  • «Кларитромицин» (және тағы үш позиция).

МӘМС аясында ересектерді емдеуді жоспарламайтын дәрі-дәрмектер тізімінде:

  • «Азитромицин»,
  • «Фамотидин»,
  • «Карбамзепин»;
  • «Ацикловир» көзге арналған жақпа және басқалар.

МӘМС жүйесі бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға бұдан былай тегін берілмейді:

  • «Ранитидин»,
  • «Мультифермен»,
  • «Ибупрофен»,
  • «Парацетамол» (және басқа дәрілер).

Барлығы 32 ауруды емдеуге тағайындалған препараттарды тізімнен алып тастау жоспарлануда.

«Өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейтін 32 нозология алынып тасталды (өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер ететін басқа созылмалы ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ұлғаюымен)», - деп түсіндірді жоба авторлары түсіндірме жазбада.

Препараттардың толық тізімін «Ашық НҚА» порталынан табуға болады.

Жобаны көпшілік талқылауы 18 шілдеге дейін жалғасады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.