24.06.2024, 17:21
Жаңалықтар
Қазақстандық спортшылар Париж Олимпиадасына қанша жолдама жеңіп алды
Олимпиаданың іріктеу кезеңдері әлі мәресіне жетпеді
Фото: bbc.com
Франция астанасы Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы лицензиялар санын 80-ге жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әзірше Қазақстаннан 70 спортшыда 80 лицензия бар. Олимпиадаға жолдама жеңіп алған спортшылар арасында 45 спортшы бірінші рет жазғы Олимпиада ойындарына қатысады.
Ең көп жолдаманы жеңген – боксшыларымыз. Олар 10 Олимпиада жүлдесіне таласады.
Олимпиаданың іріктеу кезеңдері әлі мәресіне жетпеді.
Естеріңізге сала кетейік, XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Оған әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады.
Оқи отырыңыз: Париж Олимпиадасына жолдама алған алғашқы қазақстандық брейкдансер кім
Көп оқылған
08.09.2026, 12:48
«Өзіме де қызық»: Жұлдыз Сүлейменова «қыркүйек» пен «қыргүйекке» қатысты ойын айтты
08.09.2026, 17:29
БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
08.09.2026, 15:48
Қазақстандық танымал блогер Трамптың ұлымен бірге тауға шығамын деп адасып кетті (ВИДЕО)
08.09.2026, 19:30
БҚО тұрғыны талма ауруына байланысты жүргізуші куәлігінен айырылды