Париж Олимпиадасына жолдама алған алғашқы қазақстандық брейкдансер кім

Azattyq Rýhy

Брейкинг алғаш рет Олимпиада бағдарламасына еніп отыр

Париж Олимпиадасына жолдама алған алғашқы қазақстандық брейкдансер кім
Фото: time.kz

Брейкдансер Әмір Зәкіров Олимпиада ойындарында брейкингтен Қазақстан намысын қорғайтын алғашқы спортшы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық Олимпиада комитеті ресми сайтының жазуынша, Мажарстан астанасы Будапеште өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Әмір Зәкіров Олимпиада жолдамасын еншіледі. Ол жарыстың финалына дейін жетіп, ақтық сында Нидерланд өкілі Lee-ге есе жіберді. Осылайша, екінші орын алды. Үшінші орынды Оңтүстік Кореядан келген Hong10 иеленді.

Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Әмір 71 ұпай жинады. Жалпы есепте қазақстандық би-бой алтыншы орынға жайғасты. Бұл нәтиже оған Олимпиада жолдамасын алуға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, брейкинг алғаш рет Олимпиада бағдарламасына еніп отыр.

Осылайша, Зәкіров жеңіп алған жолдама тарихи лицензия болып саналады. Ол Олимпиада ойындарында брейкингтен Қазақстан намысын қорғайтын алғашқы спортшы атанды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.