22.06.2024, 15:32
Жаңалықтар
Астанада «Хан Шатырдың» жанындағы ғимарат өртеніп жатыр
Өрт Тұран, 37/9 мекенжайындағы ғимаратта шықты
Фото: Видеодан кадр
Астана қаласында «Хан Шатырдың» жанындағы ғимарат өртеніп жатыр. Оқиғаға байланысты ҚР ТЖМ мәлімет таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрлік мәліметінше, осы минуттарда Астана қаласында өрт сөндірушілер Тұран данғылындағы ғимаратта шыққан өртті сөндіруде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран, 37/9 мекенжайына шықты.
Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша тұрғын үй кешенінің 26 қабатында сыртқы жабыны өртеніп жатқаны анықталды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді