22.06.2024, 14:35
Жаңалықтар
Ақтауда шағын ауданды полиция қоршап алды
Жүргізушілер тексеріліп жатыр
Фото: istockphoto.com
Ақтаудың 7-шағын ауданында жүргізушілерді жаппай тексеру жүріп жатыр. Жағдай туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті мәлімдеме жасады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Шағын ауданды полицейлер қоршап алғаны туралы ақпаратты қала тұрғындары айтты.
«Себебі туралы біреу біле ме? Шағын ауданға кіріп-шығатындардың барлығының жүксалғыштары мен салоны еш себепсіз тексерілді», - деді жүргізушілер.
Полиция департаменті қазіргі уақытта қаланың барлық шағын ауданында «құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы пысықталып жатыр деп мәлімдеді.
Құжаттарға, сондай-ақ қару мен есірткінің бар-жоғына тексеру жүргізіледі. Жүргізушілермен профилактикалық әңгіме жүргізіледі.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
Бүгін, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды