Екінші маусым: қазақстандықтар Бишімбаев сотының жалғасын 26 маусымда тамашалайды

Azattyq Rýhy

Сағат 10:00-де тікелей трансляция басталады

Екінші маусым: қазақстандықтар Бишімбаев сотының жалғасын 26 маусымда тамашалайды
Фото: Жоғарғы сот

2024 жылдың 26 маусымында сағат 10:00-де Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты апелляциясы бойынша сот отырысы онлайн форматта, ашық өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді. Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы Соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел жарияланады», - деп хабарлады Жоғарғы сот.

Айта кетерлігі, 2024 жылғы 10 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс Астана қалалық сотына келіп түсті. Сот отырысы Астана қалалық сотының ғимаратында Астана қаласы, Әлиев көшесі, 6, В блогы мекенжайында өтеді.

Оқи отырыңыз: Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге берген кім

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.