«Қазақша сөйлейтін» ChatGPT желтоқсанда іске қосылуы мүмкін
Бұл туралы министр айтты
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ChatGPT-дің қазақша нұсқасы қашан әзірленетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министр жасанды интеллектке негізделген жүйеде қазақ тіліндегі аудармалардың сапалы болуына мән берілетінін алға тартты.
«Біз қазақ тіліндегі мәтіндерді және мамандандырылған құралдар арқылы сапалы аудармаларды жинап, қазақ тілінің корпусын құрамыз. Бұл деректер біріктіріліп, біздің машиналарымыздың есептеу қуатындағы модельді жаттықтыру үшін қолданылады», – деді Жаслан Мәдиев Astana Hub брифингінде.
Өнімді әзірлеумен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Назарбаев Университеті және нарық сарапшылары айналысып жатыр. Министр бұл модель желтоқсан айында іске қосылуы мүмкін.
Өнімді барлық стартаптар мен IT-компаниялар пайдаланып, қазақстандық нейрожеліні өз өнімдеріне енгізе алады.