26.04.2020, 11:34
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында ТЖ режимін бұзған 200-ге жуық адам қамауға алынды
Облыста төтенше жағдай кезінде мыңнан астам тәртіп бұзылды
Фото: ашық дереккөзден
Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде мыңнан астам тәртіп бұзылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Осы күнге дейін Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзған 1021 деректі тіркеді. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476-бабы (ТЖ режимін бұзу) бойынша 1012-сі құқық бұзушылық деп танылып, 199 адам қамауға алынды. 237 адамға айыппұл салынып, 523 ескерту жасалды, 44 материал сотқа жіберілді. ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 46 бұзушылық анықталды, оның ішінде 22 адамға айыппұл салынды, 24-і қамауға алынды», - деп жазылған хабарламада.
Облыста тұрғындардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері 73–ке жеткен.
Көп оқылған
07.07.2026, 12:24
«Ақсу мен Екібастұзды үрейде ұстаған»: студенттер мен жұмысшыларды бопсалаған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)
07.07.2026, 10:48
Алматылық онкологтар әйелдің ішінен 10 келі ісікті алып тастады (ФОТО)
07.07.2026, 10:30
«Тұрсынбек неге келмеді?»: Мөлдір Мұқанова Rixos қонақ үйінде үш баласына той жасады (ВИДЕО)
07.07.2026, 07:29
Аптап ыстық басылар емес: 7 шілдеге арналған ауа райы болжамы