26.04.2020, 13:27
Жаңалықтар
Әлем бойынша коронавирустан қайтыс болғандар саны 203 мыңнан асты
COVID-19 жұқтырғандар саны 2,9 миллионнан асты
Фото: ашық дереккөзден
Американың Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 203 мыңнан асты. 2,9 миллион адамға вирус жұққан. Жазылып шыққандар саны 830 мыңнан асады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Індеттен ең көп зардап шеккен АҚШ-та 930 мыңнан астам адамнан вирус табылған. 50 мыңнан астам адам қайтыс болған. Италияда 26 мыңнан астам адам қайтыс болған, 195 мың науқас бар. Испанияда вирустан 22 600 адам көз жұмған, 224 мың адам COVID-19 ауруына шалдыққан.
Айта кету керек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандан саны 2600-ден асты. 646 адам жазылып шығып, 25 адам қайтыс болды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады