$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.04.2020, 09:34
Жаңалықтар

26 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Жексенбі күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

26 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазгидрометтің мәліметінше, атмосфералық ауа ағындары бөліктерінің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде күн ашық болады. 

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал, күндіз жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күн күркірейді. 

Түркістан, Қызылорда Алматы, Атырау облыстарында, түнде Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды, күндіз Атырау облысында тұман түседі, Қызылорда, Алматы облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жылдамдығы 20 м/с. 

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, түнде Қарағанды облысының оңтүстік шығысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды. 

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Қазгидромет #ауа