12.06.2024, 09:18
Жаңалықтар
Әлемде ауқатты адамдар үлесі артты
Әсіресе, Солтүстік Америка мен Азияда ауқатты адамдар көбейген
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен
Былтыр әлемдегі ауқатты адамдардың саны 5%-ке көбейіп, 23 миллионға жуықтап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Долларлы миллионерлердің байлығы да артып, 87 триллион долларға жетті. Оған инфляция қысымының азайып, әлемдік нарықтың қалпына келе бастауы әсер еткен.
Өткен жылы, әсіресе, Солтүстік Америка мен Азияда ауқатты адамдар көбейген.
Айта кеткен жөн, Forbes рейтингі бойынша америкалық кәсіпкер Илон Маск қазір әлемдегі ең бай адам саналады. Үздік үштікке Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос пен Louis Vuitton басшысы Бернар Арно кіріп отыр.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады