Енді орта білім туралы аттестатты Egov Mobile қосымшасынан алуға болады

Azattyq Rýhy

Биыл 186 мың түлек мектеппен қоштасты

Енді орта білім туралы аттестатты Egov Mobile қосымшасынан алуға болады
Фото: t.me/oqu_agartu

Енді орта білім туралы аттестатты Egov Mobile қосымшасынан алуға болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толықты. Ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді», - делінген ақпаратта.

Құжатты цифрлық нұсқада алу үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» сервисіне өту керек. Кәмелетке толмаған балалардың құжаттарын ата-анасы немесе заңды өкілі «Менің балаларым» бөлімі арқылы алады.

Ал бір жыл бұрын қосымшада колледж дипломдары QR-код арқылы беріле бастаған еді.

2023-2024 оқу жылын 820 703 оқушы тәмамдады. Оның ішінде 186 мың түлек мектеппен қоштасты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.