12.06.2024, 11:50
Жаңалықтар
Үндістанда құс тұмауын жұқтырған екінші адам анықталды
Құс тұмауын жұқтыру фактісі 5 жылдан кейін қайталанып тұр
Фото: Istockphoto
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, Үндістанның Батыс Бенгалия штатында 4 жасар бала құс тұмауын, яғни H9N2 вирусын жұқтырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Reuters-ке сілтеме жасап.
Науқас баланың тыныс алу жолдары тарылып, дене қызуы көтеріліп, іші ауырған соң жергілікті аурухананың реанимация бөліміне жеткізілген. Үш ай емделгеннен кейін үйге шығарылған.
Баланың отбасында ешкім құс тұмауымен ауырмаған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Үндістанда құс тұмауының адамға жұғу жағдайы екінші рет кездесіп тұр. Бірінше рет 2019 жылы болған.
Көп оқылған
06.09.2026, 06:17
235 келі қару тәркіленді: полиция алматылықтарға қатаң ескерту жасады
06.09.2026, 08:31
Алматыда үш ер адам азық-түлік дүкенінде төбелес шығарды
06.09.2026, 15:56
Қазақстандық танымал travel-блогер Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді (ВИДЕО)
06.09.2026, 10:01
Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды