12.06.2024, 08:20
Жаңалықтар
Астанада енді жедел жәрдем дәрігерлері шақыртуларға таксимен барады
Мұндай көлік құралы жедел жәрдем бригадасы жеделдіктің 3-4 санаты бойынша шақыртуларға шығу үшін қарастырылған
Фото: istockphoto.com
Астанада енді жедел жәрдем дәрігерлері шақыртуларға таксимен барады. Бұл атуралы Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды, Azattyq Rýhy.
«Күту уақытын қысқарту мақсатында қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы көлік құралдарын жалдау шартын жасасты. Мұндай көлік құралдары жедел жәрдем бригадасы жеделдіктің 3-4 санаты бойынша шақыртуларға шығуы үшін қарастырылған. Аталған санаттар бойынша пациентті тасымалдау, сондай-ақ көлікті медициналық жабдықтармен жарақтандыру талап етілмейтінін атап өткен жөн», – деп мәлім етті Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.
Көп оқылған
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады