$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2019, 16:38
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда құны 70 млрд теңге онко-орталық салынады

Былтыр Үкімет бекіткен 2022 жылға дейінгі онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды орындау үшін қосымша 35 миллиард теңге көзделіп отыр

Нұр-Сұлтанда құны 70 млрд теңге онко-орталық салынады

Сенатқа келіп, денсаулық сақтау саласындағы мақсаттар туралы айтқан сала басшысы Елжан Біртанов осы қаржының 32 миллиард теңгесі онкологияны емдейтін тегін медициналық көмектің тізімін кеңейтуге бағытталғанын айтты.

«Кешенді жоспар аясында қауіп-қатерлердің алдын алу шараларын қолға аламыз. Мысалы, халықты кеңінен скринингтермен қамтып, диагнозды ерте анықтау, онкологиялық қызметтің кадрлық әлеуетін арттыру», - дейді министр.

Онкологиялық күреске қарсы кешенді жоспар аясында Нұр-Сұлтан қаласында ұлттық ғылыми онкология орталығының құрылысы жөніндегі ведомствоаралық жол картасы орындалып жатыр.

«Осы орталықты заманауи құрылғылармен қамту үшін, әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, күн және протон терапиясы үшін ең озық техника шығаратын әлемдегі ірі өндірушілермен меморандумдарға қол қойдық. 2019 жылдың 7 маусымында Үкімет қаулы шығарып, осы орталықты салатын және инжинирингтік қызмет көрсететін екі халықаралық компанияны анықтады. Қазір оларман келісімшартқа қол қою процедуралары жүріп жатыр. Жобаның жалпы құны – 70 млрд теңге. 2019 жылға орталықты жобалауға және құрылысты бастауға 13 млрд теңге көзделген», - дейді Елжан Біртанов.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары