34 жастағы ер адам жүкті әйелін басынан атып, артынша тағы төрт адамды жаралады

Azattyq Rýhy

Полиция қылмыстың себебін отбасындағы дау-дамайдан туындады деп санайды

34 жастағы ер адам жүкті әйелін басынан атып, артынша тағы төрт адамды жаралады
Фото: istockphoto/ugurhan

Германияның Хаген қаласында 34 жастағы ер адам жүкті әйелін басынан атқан. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, Хохштрассе көшесінде орналасқан үйде бірнеше оқ атылған, осыдан кейін қылмыскер жоғарыдағы еденге көтеріліп, көршілерінің жабық есігіне оқ атқан.

Артынша ер адам көлігіне отырып, үйден екі шақырым жердегі шаштаразға барады. Сол жерде тағы төрт адамға оқ атады. Дәрігерлер қазір басына оқ тиген әйел адамның өмірі үшін күресіп жатыр.

Арнайы қызмет қылмыскер болуы мүмкін аймақта операция жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары қазір орманды алқапта іздеу жүргізіп жатыр.

«Мен қылмыскердің сөмкесін алып, Netto автотұрағында Мерседес көлігіне қарай бара жатқанын көрдім. Содан кейін ол полицияны көріп, тұраққа іргелес орманға қашып кетті. Екі полиция қызметкері оған тоқта деп айғайлағанмен, ол артына қарайлаған жоқ», - деді куәгерлердің бірі.

Полиция қылмыстың себебін отбасындағы дау-дамайдан туындады деп санайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.