Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Azattyq Rýhy

Республика бойынша жел екпіні күшейеді

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК елімізде бүгінге, 29 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, ауқымды антициклон республикамыздың батыс және оңтүстік өңірлерінде өз әсерін сақтап, күн райы жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің қалған аумағы әлі де циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болып, күн райы жауын-шашынды болады. Алматы облысының тауларында, түнде ҚР шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша желдің екпін алуы тән, солтүстік, солтүстік-батыс өңірлерде бұршақ түседі, батыс, оңтүстік-батыс өңірлерде қатты жел соғады, шығыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп күтіледі

Болжамға сәйкес, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, Абай облысының шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 2-3 градус суықты көрсетеді деп болжанады.

Сондай-ақ, синоптиктер өрт қаупі жоғары өңірлерді де атады. Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Қызылорда облысының шығысында, батысында, оңтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Жетісу облысының шығысында өрт қаупі сақталады. Жамбыл облысының батысында, шығысында өрт қаупі жоғары.Түркістан облысының шөлейтті аудандарында, Батыс Қазақстан облысының батысында (Жәнібек ауданының батыс бөлігінде), Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.