$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада Қабанбай батыр даңғылы ішінара жабылады

Аталған учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Астанада Қабанбай батыр даңғылы ішінара жабылады
Фото: Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы

Астанада 29 мамырдан бастап 3 маусымға дейін Қабанбай батыр даңғылы бойынша Сығанақ көшесінен Керей Жәнібек хандары көшесі ішінара жабылады.  Бұл туралы Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қабанбай батыр даңғылы бойынша Сығанақ көшесінен Керей Жәнібек хандары көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 2024 жылдың 29 мамырынан бастап 3 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады», - делінген хабарламада.

Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілетін болады.

«Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада7

Серіктес жаңалықтары