Алматы полиция департаменті экс-басшысының орынбасары ұсталды

Azattyq Rýhy

Қаңтар оқиғасы кезінде азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр

Алматы полиция департаменті экс-басшысының орынбасары ұсталды
Фото: ПД және әлеуметтік желі

Алматы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқаны белгілі.

«Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде, 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Б. Әбілбеков ұсталды», - делінген Қазақстанның Бас прокуратурасы таратқан хабарламада.  

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, бұл іс бойынша өзге мәліметтер жария етілмейді.

Еске салайық, осы жылы қаңтарда Қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен Қазақстанда ұсталды. Оның қатысуы расталмағандықтан кейін ол босатылды. Сонымен бірге ол полицияның азаптағанын мәлімдеді. Кейінірек музыкант ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау үшін Астананың Алматы аудандық сотына ҚР Ішкі істер министрлігіне қарсы шағым түсірген. Алайда талап-арыз қабылданбады.

Бірнеше жыл бұрын Әбілбеков сол кездегі танымал жастық челленджінің ең жанжалды қатысушысы болғанын да еске саламыз. 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.