Ақтөбеге 155 жыл: жастар қаланың көрікті жерлерімен танысты

Azattyq Rýhy

Екі күндік туризм бағытындағы іс-шаралар өтті

Ақтөбеге 155 жыл: жастар қаланың көрікті жерлерімен танысты
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

24 мамыр күні Ақтөбе қаласының 155 жылдық мерейтойына орай, Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Open air» атты екі күндік туризм бағытындағы іс-шара өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Іс-шараның мақсаты — ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың тарихи — мәдени орындарды көрсету арқылы олардың бойындағы отансүйгіштік сезімдерін ояту, тарихын білуге үйрету, шығармашылық қабілеттер мен жеке оң қасиеттер, тұлғалық, зерттеушілік дағдыларын дамыту және құқықбұзушылықтың алдын алу.

Шараның бірінші күні жастар Ақтөбе қаласының тарихынан сыр шертетін көрікті жерлерімен танысты.

Белсенді қала жастары Ислам бұлағы, 41-ші жол айрығындағы Қарағай алқабы және Асыл су бұлағының тарихымен танысты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.