$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT» партиясы Әулиекөл ауданындағы орманды қалпына келтіру жұмысын қадағалауда

Биыл Қостанай облысы Әулиекөл ауданында 547 гектар алқапқа 3,6 миллион түп қарағай көшеті егілді

«AMANAT» партиясы Әулиекөл ауданындағы орманды қалпына келтіру жұмысын қадағалауда
Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

«AMANAT»-тың Қостанай облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының және Экологиялық кеңесінің мүшелері «Басаман» орман шаруашылығы мекемесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Партиялықтар орманды қалпына келтіру, өрт қаупі кезеңіне дайындалу және орманшыларды материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен жарақтандыру жұмысына жүйелі түрде мониторинг жүргізуде.

Еске сала кетейік, 2022 жылы қыркүйекте Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орман алқабын жалын шарпыды. Өрт сөндіру жұмысы 2 қыркүйектен 10 қыркүйекке дейін жалғасты. Тілсіз жау 43 мың гектардан астам аумақты отап кетті. «AMANAT» партиясы апаттың алғашқы күнінен-ақ зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмысына қосылды. Партиялықтардың күшімен 1200 тонна гуманитарлық көмек жиналды. Өңірге «Жастар Рухы» жастар қанатының 300-ден астам волонтері барды. Жергілікті жерде Мәжіліс депутаттары, партия фракциясының мүшелері көмек көрсетті.

Айта кетейік, «Басаман» мекемесіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік орман қорының аумағы 45,2 мың гектарды құрайды. Оның 12,3 мың гектары – орман. Бүгінде тәлімбақ құру және оны суару бойынша арнайы жоба әзірленді.

Серіктес жаңалықтары