Мектепте қазақ тілінен жаңа емтихан басталды
5-8 және 10-сыныптың оқушылары ауызша және жазбаша тапсырады
Еліміздегі мектептерде биылғы оқу жылында қабылданған қазақ тілінен жаңа емтихан басталды. Ол 31 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Емтиханды 5-8 және 10-сыныптың оқушылары ауызша және жазбаша тапсырады. Сонымен бірге мектеп оқушылары қазақ тілінде тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу біліктілігін тексереді.
Емтиханда 0-11 балл алған бала «нашар» көрсеткіш көрсеткен болып есептеледі. Осындай балл жинаған оқушы емтиханды қайтадан тапсырады.
12-18 балл алған оқушының көрсеткіші «орташа» болып саналады. Оған «3» деген баға беріледі.
19-24 баллға «4» беріліп, «жақсы» беген баға қойылады. Ал 25-30 балл жинаған бала «5» деген баға алады. Оның бағасы «өте жақсы, үздік» болып есептеледі.