$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада екі тәулікте 33 мас жүргізуші ұсталды

Олардың кейбірі мас күйде екінші рет ұсталып отыр

Елордада екі тәулікте 33 мас жүргізуші ұсталды
Фото: Polisia.kz

Астанада демалыс күндері тәртіп сақшылары 33 мас жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оларды наркологиялық және психотерапия орталығына медициналық тексеруден өткізу үшін жеткізді.  

«Мәселен, түнде патрульдік полицейлер Қорғалжын тас жолының бойында JAC J7 көлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде тәртіп сақшылары көліктің ішінен алкогольдің өткір иісі шыққанын байқап, медициналық тексеруден өткізген. Сараптама қорытындысы бойынша, 35 жастағы жүргізушінің орташа дәрежеде мас болғаны анықталды. Тергеу барысында көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізуші мас күйде рөлге отырғаны белгілі болды. Өткен жылдың қазан айының басында ол сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары