$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қосшыда «Мерейлі отбасы» конкурсының қалалық кезеңіне құжаттар қабылдануда

Өтінімдер 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін жалғасады.

Қосшыда «Мерейлі отбасы» конкурсының қалалық кезеңіне құжаттар қабылдануда
Фото: Қосшы қаласының әкімдігі

Қосшыда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңіне өтінімдер қабылдау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мерейлі отбасы» конкурсына қатысуға өтінімдер 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін жалғасады.
Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.

Толық ақпарат алу үшін Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне хабарласуға болады: 8 777 040 33 40. 

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі. Конкурс 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең — аудандық (қалалық), екінші кезең — облыстық, үшінші кезең — республикалық.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Қосшы