Әзірбайжаннан алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды

Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды

Әзірбайжаннан алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды
Фото: istockphoto.com

ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі көлемдегі алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын Әзірбайжаннан жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ол 2021-2023 жылдар аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінен ұялы телефондарды арзан бағамен тасымалдайтыны туралы айтып, азаматтардың сенімдерін теріс пайдаланып, 21,5 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Одан бөлек, 2022 жылдың қаңтарында ол алаяқтық жолмен «Toyota Land Cruiser» көлігін иемденіп, жәбірленушіге 24 миллион теңге шығын келтірген.

«Қылмыс жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынған, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі таңда күдікті Астана қ. тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін ол мүлкі тәркіленіп,  5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.