$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей өңірде тұман күтіледі

Республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com / sharply_done

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болмақ. Өңірлерде найзағай ойнап, жел соғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 22 мамырда күндіз найзайғай күтіледі.

Абай облысы

Түнде Абай облысының солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысы

Күндіз Қостанай облыстың солтүстік жартысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ.: 22 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысы

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 22 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

22 мамырда Қарағанды облысының шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысы

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Ақтау қ.: 22 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысы

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысы

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 22 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Атырау облысы

Атырау облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 22 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 22 мамырда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 22 мамырда күннің екінші жартысында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысы

Павлодар облысының шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Серіктес жаңалықтары