$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ-та полицей афроамерикалық әскери қызметкерді атып өлтірді

Оқиға Флорида штатында болды

АҚШ-та полицей афроамерикалық әскери қызметкерді атып өлтірді
Фото: Bild

АҚШ-та полиция қызметкері әскери-әуе күштерінің таңдаулы сарбаздарының бірі – 23 жастағы Роджер Фортсонды өз пәтерінің табалдырығында атып өлтірді. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметше, оқиға Флоридада болған. Пәтерлердің бірінде төбелестің дауысын естіген көршілердің бірі полицияға хабар берген.

Полицей жалғыз өзі айтылған қабатқа көтеріліп, пәтердің есігін қағып, өзін таныстырады. Бірақ полицейге үй иесі – Роджер Фортсон ұзақ уақыт есік ашпаған. Ал есік ашқанда, полицей бірден оқ жаудырады. Полицейдің мұндай шешіміне Фортсонның қарумен шыққаны себеп болған. Афроамерикалық жігіттің денесіне алты оқ тиеді, салдарынан көп ұзамай ауруханада көз жұмды.

Фортсон атыс қаруын заңды түрде иеленген. Ол қаруды сақтық шарасы ретінде өзімен бірге алып шыққан көрінеді. Өйткені есігін қаққан полиция қызметкері екеніне күмәнданған. Фортсонның адвокаттары полиция қызметкері есіктің шетінде тұрғанын, сондықтан сарбаз оны есіктен көре алмағанын айтты.

Жергілікті полиция басшысы Эрик Аден өз офицерін қорғап, оның нұсқаулыққа сәйкес әрекет еткенін жеткізді. Алайда қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Эрик Аден билік ешнәрсені жасырып қалмайтынына уәде берді.

«Ол патриот еді. Ол АҚШ әуе күштерінің арнайы күштерінің сарбазы болатын. Ол біздің өмір жолымыз үшін күресті. Ол барлығы үшін күресті», - деді Фортсонның отбасы сот отырысында.

Серіктес жаңалықтары