$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Күйеуінен зорлық көрген: БАӘ-дегі дипломаттың әйелі Қазақстанға оралды

Оны әуежайда күйеуінің туыстары күтіп тұрды

Күйеуінен зорлық көрген: БАӘ-дегі дипломаттың әйелі Қазақстанға оралды
Фото: Facebook/Анна Рыль

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) Қазақстан елшіcінің кеңесшісінің әйелі Карина Мамаш күйеуінен жәбір көргенін айтып, елге оралды. Бұл туралы «Қорғау» дағдарыс орталығының басшысы Анна Рыль Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әуежайда оны күйеуінің туыстары күтіп тұрды.

«Қазір Карина Мамаш әпкесімен және балаларымен елге оралды. Әуежайдан оны жақын достары күтіп алды, бірақ ол жерге күйеуінің туыстары да келді. Балалары үшін қорыққан ол дағдарыс орталығына барды. Қазір ол әпкесімен және балаларымен бірге дағдарыс орталығында орналасты. Енді психолог пен заңгердің көмегі мен қызметін алады», - деп жазды Рыль.

Айта кетейік, бұған дейін БАӘ-дегі Қазақстан елшісі кеңесшісінің әйелі Сәкен Мамаштың жұбайы Карина Мамаш күйеуінен зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеген болатын. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.

Серіктес жаңалықтары