09.05.2024, 21:54
Жаңалықтар
Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті
Оқиға 8 мамыр күні түнгі уақытта болды
Фото: istockphoto.com
Павлодар облысында суға батып кеткен кеме капитанын іздеу жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 8 мамырда 23:25-те Павлодар облысы ТЖД ДЖБ-да 102-ден Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар келіп түскен.
9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте жұмыс нәтиже бермеді. Іздестіру жұмысын су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр.
Таң атқанда сүңгуірлер іздеу-құтқару жұмыстарын қайта жалғастыратын болады.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады