09.05.2024, 20:58
Жаңалықтар
СҚО-да ірі көлемді бұршақ жауды
Өтпелі жаңбыр құйып, бұршақ жауды
Солтүстік Қазақстанда ірі көлемді бұршақ жауды. Күн райының жылынғанына қарамастан, 9 мамыр күні елдің солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі pkzsk.info басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ауыл тұрғындары мессенджерлер арқылы бұршақ пен жаңбырдың фотолары мен видеоларын таратты. Облыстың оңтүстік аумағындағы ауылдарда өтпелі жаңбыр құйып, артынша бұршақ жауды.
Айта кетейік, мамыр айында бұршақ жауып, найзағай ойнауы, дауыл соғып, күн райының суытуы Солтүстік Қазақстан облысы үшін таңсық емес. Бір жыл бұрын да өңірде мамыр айында қатты боран болған. Ал 6 мамырда желдің жылдамдығы секундына 34 метрге жеткен ерекше жойқын дауыл болды.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды