Геннадий Головкиннің ерекшелігі неде?

Azattyq Rýhy

Кәсіпқой боксшы Головкин туралы пікір білдірді

Геннадий Головкиннің ерекшелігі неде?
Фото: sportingnews.com

Орта салмақтағы британиялық боксшы Хамза Шираз (19-0, 15 КО) осы дивизиондағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) өзінің сүйікті боксшыларының бірі екенін айтты. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Головкин – керемет боксшы, осы жолда мен үлгі алған адамдардың бірі. Ол нағыз кәсіпқойдың өзі. Ол ешқашан артық сөйлеген емес, шаршы алаңға шығып, қарсыласын құлатқанды ғана біледі. Ол мені ылғи шабыттандырып, мотивация беретін. Бір күні онымен кездесемін және маған біраз кеңес береді деп үміттенемін», - деді Шираз Pro Box-қа берген сұхбатында.

1 маусымда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) Хамза Шираз америкалық Остин Уильямспен (16-0, 11 КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, биыл ақпан айында Геннадий Головкин қазір Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.