Қазақстандық футболшы Нұрәлі Әліп Ресейде сынның астында қалды

Azattyq Rýhy

Доп Әліптің қолына тигендіктен пенальти белгіленді

Қазақстандық футболшы Нұрәлі Әліп Ресейде сынның астында қалды
Фото: Instagram/nurik028

Танымал агент Тимур Гурцкая «Это футбол, брат!» Youtube арнасында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің ереже бұзуына байланысты белгіленген пенальтиге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жағдай РПЛ-дың 27-турындағы «Факел» - «Зенит» (1:1) кездесуінде болды.

«Шынымды айтсам, түсінбеймін... Әліп кімнің орнына шықты? Васильевтің орнына ма? Не үшін? «Факелге» қарсы үш қорғаушымен ойнауды қалай түсіндіруге болады? Сондықтан футбол тәңірі оны (Сергей Семакты) жазалады. Себебі бұл гол Әліптің кесірінен кірді. Басқа қалай? Түсініксіз ауыстыру болды. Ойыншыларды кем дегенде позиция бойынша ауыстыру қажет. Неліктен бұрын ойналған жұпқа үшінші ойыншыны енгізіп жатырсыз? Неге?» - деп ашуланды Гурцкая.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.