Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетін басқаратын болды
Астанада ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас Ассамблеясының отырысы өтті
Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды,деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қоғамдық бірлестіктің басшысын сайлау жабық есік жағдайында өтті. Оған журналистер қатыспады.
14 ақпанда ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің Тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысында федерациялар ҰОК президенттігіне Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынған болатын.
Айта кетейік, 41 жастағы Головкин соңғы рет рингке 2022 жылдың қыркүйегінде шыққан, ол трилогияда Лас-Вегаста (АҚШ) мексикалық Сауль Канело Альварестен жеңілген болатын. Көп ұзамай GGG WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпиондық титулдарын қайтарып берді. Головкин кәсіби спортта 42 жеңіске жетті (оның 37-сі нокаутпен), екі жеңіліс пен бір тең ойын көрсетті.