27.02.2024, 13:36
Спорт
Қазақстанның футбол жанкүйерлері Түркияда өткен ойында төбелес шығарды
Футболдан Қазақстан Суперкубогы алғаш рет шетелде ұйымдастырылып отыр
видеодан скриншот
Антальяда өткен шымкенттік «Ордабасы» ФК мен қостанайлық «Тобыл» ФК ойыны кезінде көрермендер арасында жанжал туған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar-ға сілтеме жасап.
Оның арты төбелеске ұласып, жанкүйерлер бір-біріне жұдырық ала жүгіріп, бос тұрған орындықтарды лақтырған.
«Төбелес екінші таймның ортасында басталды. Негізінен екі екі команда жеңімпазды анықтай алмады. Ал пенальти сериясында «Тобыл» ФК футболшылары жеңіске жетті. Олар кубокты ұтып алды», - делінген дереккөзде.
Айта кетсек, футболдан Қазақстан Суперкубогы алғаш рет шетелде ұйымдастырылып отыр.
Аударған: Айжан ТЕМІРХАН
Көп оқылған
24.11.2026, 14:08
«Жалғыз перзентімен бірге кетті»: Ақтөбе облысында атақты дәрігер мен баласы бір күнде ажал құшқан
24.11.2026, 10:54
«Бұл – арзан»: қазақстандықтар интернеттің тарифі үшін айына орта есеппен 10 доллар төлейтіні белгілі болды
