27.02.2024, 18:03
Спорт
Су спортынан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар рекорд орнатты
Азия чемпионаты 26 ақпан мен 9 наурыз аралығында өтеді
Фото: qaz_olympics
Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатының екінші жарыс күні қазақстандық спортшылар рекорд орнатып, чемпион атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
50 метрге брасс әдісімен жүзуде қазақстандық Аделаида Пчелинцева мен Арсен Қожахметов жұбы Азия чемпионатының рекордын орнатып, ел қоржынына кезекті алтын медаль сыйлады.
Жүзу. Әйелдер. А тобы. 50 м брасс
- 1-орын – Қазақстан - Аделаида Пчелинцева - 31.40 (Азия чемпионатының рекорды)
- 2-орын - Таиланд - 31.69
- 3-орын - Таиланд- 32.50
Жүзу. Ерлер. В тобы. 50 м брасс
- 1-орын – Қазақстан - Арсен Қожахметоа - 28.26 (Азия чемпионатының рекорды)
- 2-орын – Гонконг - 28.54
- 3-орын – Гонконг - 28.55.
Жарысқа 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр.
Азия чемпионаты 26 ақпан мен 9 наурыз аралығында өтеді.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 17:31
«Бақ сүйсін маңдайыңнан»: Димаштың әкесі қызына арнап шығарғанын әнін жариялады (ВИДЕО)
02.10.2026, 00:37
«Төрт жыл күрескен»: Танымал тележүргізуші қайтыс болды