$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында жайылмалы жерлердің 60%-дан астамы су астында қалды

Бұл өткен жылғы деңгейден 2 есеге артық

Павлодар облысында жайылмалы жерлердің 60%-дан астамы су астында қалды
Фото: Видеодан скриншот

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мамандармен бірге Аққулы, Май, Павлодар аудандарының және Ақсу қаласының ауылдық аймақтарының жайылма алқаптарын көзімен көріп қайтты. Бұл туралы облыс әкімі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«10 сәуірден бастап бекітілген кестеге сәйкес су қоймаларының жоғарғы Ертіс каскадынан табиғатты қорғау мақсатында су жіберіле бастады. Негізгі кезеңі 13-30 сәуір аралығында жоспарланған, су 12 тәулік бойы 3500 м3/сек жіберіледі. Жалпы бекітілген көлемі - 6,2 км3. Табиғатты қорғау мақсатында жіберіліп жатқан су ағындары бүгінгі таңда Ертіс өзенінің төменгі ағыс бөлігінде байқалады. Су Павлодар, Ақсу қалаларының және Павлодар ауданының жайылмаларын толтыруда», - деп жазды Асайын Байханов.

Өңір әкімінің айтуынша, алдын ала есептеулер бойынша жайылманың 75-80% алқабын су басады деп күтілуде. Жалпы жоспарланған 6,2 км3 көлемнен қазірдің өзінде 4,6 км3 немесе шамамен 74% су жіберілді.

Қазір облыстың жайылма алқаптарының шамамен 64% су басса, бұл өткен жылғы деңгейден 2 есеге артық.

Жұмыс барысында мамандарға табиғатты қорғау мақсатында жіберіліп жатқан су ағындарын бақылауды жалғастыруды және соған сәйкес дезенсекциялық жұмыстардың жоспарына түзету енгізуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары