28.04.2024, 16:44
Жаңалықтар
«Жұлдыз ауруы құртты»: экс-футболшы Бауыржан Жолшиевтің суреті жарияланды
Ол «Астананың» әйгілі бапкері Станимир Стойловтың тұсында өнер көрсеткен
Фото: Sports.kz
Әлеуметтік желіде «Астана» футбол командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жұлдызы саналған Бауыржан Жолшиевтің суреті жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бауыржан Жолшиев «Астананың» әйгілі бапкері Станимир Стойловтың тұсында өнер көрсеткен. Елордалық ұжымның Чемпиондар лигасына шығуына үлес қосқан. Алайда келісімшарт бойынша клуб басшылығымен келісімге келе алмай, 2018 жылы командадан кеткен.
Әлеуметтік желіде Бауыржан Жолшиев туралы жұрт түрлі пікірлер жазды:
«Мықты талантты футболшы еді», «Ол ойынымен Рикарду Куарежманы, Луиш Наниді еске түсіретін», «Бірінші жұлдыз ауруы құртты, екінші басшылар құртты».
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді