$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда ер адамның лифтіде әйел адамды соққыға жыққан сәті видеоға түсіп қалды

Ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін

Ақтауда ер адамның лифтіде әйел адамды соққыға жыққан сәті видеоға түсіп қалды
Фото: Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде ер адамның әйел адамды лифтіде ұрып-соғып жатқан бейнебақылау камерасының видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқиға бірер күн бұрын Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Видеода әйел мен ер адам лифтке бірге кіргені, содан кейін олар көтеріліп бара жатқанда өзара сөйлескені көрінеді.

Бейнебақылау камерасынан ер адамның лифтіден бірінші шығып кеткенін, ал әйелдің оны артынан итеріп жібергенін көруге болады. Есік жабыла жаздағанда, ол кенет қайтып келіп, әйел адамды теуіп, артынша соққыға жығады.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел адамға шабуыл жасаған күдікті ұсталды. Ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары