$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресей селфи түсіруден қаза болғандар саны бойынша ТОП-3 елдің қатарына енді

2014-2023 жылдар аралығы әлемнің 49 елінде 399 адам селфи жасамақшы болып қаза болған

Ресей селфи түсіруден қаза болғандар саны бойынша ТОП-3 елдің қатарына енді
Фото: Bild

Ресей Федерациясы селфи түсіруден қаза болғандар саны бойынша әлемде ТОП-3 елдің қатарына енді. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл статистиканы Bild шолушысы Коля Гэртнер ұсынады. Ол «селфи» ұғымы 2002 жылы Австралияда пайда болғанын жазады. Содан бері селфи түсіруге деген құштарлық жүздеген адамның өмірін қиды.

2014-2023 жылдар аралығы әлемнің 49 елінде 399 адам селфи жасамақшы болып қаза болған. Оның ішінде 190 адам – Үндістан азаматы, 29-ы – АҚШ-тан, ал қалған 18-і – Ресейден.

Ең қауіпті селфи Үндістанда болған. 2022 жылдың шілдесінде Джайпур маңындағы Амбер форт мұнарасында селфи жасап жатқан бір топ адамға найзағай түседі. Салдарынан 11 адам сол арада көз жұмады.

Ал Германияда селфи әуесқойлары арасында танымал, алайда ең қауіпті жер – Бавариядағы Кенигсбах сарқырамасы. 2019 жылы сол жерде Саксониядан келген екі турист қайтыс болды, содан кейін оған кіруге шектеу енгізілді.

Айта кетейік, суретте – қытайлық София Чунг. Ол 2021 жылы Гонконг маңындағы сарқыраманың қиыр шетінде селфи жасап жатқанда құлап көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары