$ 516.16  584.86  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Куба билігі Ресей азаматының мәйітін қателесіп Канадаға жіберген

Канадалық азаматтың мәйіті қайда екені белгісіз

Куба билігі Ресей азаматының мәйітін қателесіп Канадаға жіберген
Фото: Bild

Куба билігі қайтыс болған Ресей азаматының мәйітін қателесіп Канадаға жіберген. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Канаданың 68 жастағы азаматы Фарадж Джарджур Кубада демалыста жүрген кезінде қайтыс болған. Ол Варадеро маңында теңізде жүзіп жүргенде, жүрек талмысы ұстаған. Қызы Мәриям мен ұлы Карам әкелерін тірілтпек болғанымен, нәтиже болмаған. Жедел жәрдем жағажайға 45 минуттан кейін жеткенмен, тек өлімді ғана тіркеген. Марқұмның денесі ары қарай шезлонгта тағы сегіз сағат жатты.

Тек бірнеше аптадан кейін мәйіт Канадаға жеткізілді. Отбасы табытты ашқанда Фарадждан шамамен 20 жас кіші ер адамның денесін көреді. Олардың туысының шашы жоқ болатын, ал табыттағы адамның шашы қалың. Әрі денесінде татуировкасы да бар. Олар Кубада мәйіттерді араластырып, басқа денені жібергені белгілі болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл ресейлік турист. Қазір Джарджур отбасы әкесінің шын денесін іздеп жатыр. Монреальдағы Ресей консулдығы екінші мәйіттің Ресей азаматы екенін растай да, жоққа да шығара алмайтынын айтады.

Серіктес жаңалықтары