Ақмола облысында суға батып кетті деген адам тірі табылды

Ер адам жыра-жықпылдың арасында 1,5 күн отырған

Ақмола облысында суға батып кетті деген адам тірі табылды
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Атбасар ауданында суға батты деген ер адамның тірі табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше Жабай өзенінің тасуы салдарынан су басқан учаскеде 1977 жылғы ер адам суға батып кетті деген күдікпен құтқарушылар шақырылған болатын.

«Бірінші күнгі іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеді. Бірақ бүгін таңертең ер адам бұталардың арасынан тірі табылды. Құтқарылған адам сүңгуір костюмдерін киген құтқарушыларды көріп қуанып кеткен. ТЖД қызметкерлері оны тамақтандырып, құрлыққа жеткізді. Ер адам жыра-жықпылдың арасында 1,5 күн отырған», – деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ер адамның су басқан учаскеге не үшін және қалай барғанын қазір Атбасар ауданының полиция бөлімі анықтап жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.