$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда шетел азаматы өзінің танысын өлтірген

Мегаполисте жыл басынан бері 700-ге жуық шетел азаматы елден шығарылды

Алматыда шетел азаматы өзінің танысын өлтірген
Фото: polisia.kz

Алматыда жыл басынан бері 682 шетелдік елден шығарылды. 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қалалық ПД көші-қон қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері қалаға 23 мыңға жуық шетел азаматы келген.

«Алматы – инфрақұрылымы дамыған, өзіндік мәдениеті бар шаһар, сондықтан алыс және жақын шетелдерден келген шетелдіктердің қызығушылығын оятады. Көші-қон ағыны жыл сайын артып келеді. Бұл экономикаға оң әсерін тигізгенімен, жалпы қылмыстық жағдайға кері әсерін тигізіп жатыр. Яғни құқық бұзушылық саны өсіп жатыр. Ауыр қылмыс тіркелуде. Мәселен, Алматының Түрксіб ауданында шетел азаматы өзінің танысын өлтірген. Ал Медеу ауданында Үндістан мен Пәкістанның екі азаматы синтетикалық есірткі шығаратын зертхана ұйымдастырған. Шетелдік студенттердің қатысуымен болатын төбелестер де көптеп кездеседі», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Алматыда жыл басынан бері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 4 мыңға жуығы шетел азаматы екен. Жалпы, сот шешімімен 682 шетелдік елден шығарылды.

Серіктес жаңалықтары