$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда 200-ден астам адамды кене шаққан

Оның ішінде 126-сы 14 жасқа дейінгі балалар

Алматыда 200-ден астам адамды кене шаққан
Фото: istockphoto.com

Алматыда күн жылынғалы бері кене шаққан 212 адам медициналық ұйымдарға жүгінген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Эпидемиялық маусым басталғаннан бері медицина ұйымдарының қызметіне кене шаққан 212 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 126 бала жүгінген. Барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетілді, көрсеткіштер бойынша кенеге қарсы иммуноглобулин енгізілді. Осы жылдың басынан бері кене инфекцияларының жағдайы тіркелген жоқ. Кене боррелиозының алдын алудың бірден-бір жолы - кене шағудан қорғану. Серуендеуге, саяжайға немесе орманды аумаққа барғанда кейбір ережені сақтау керек», - дейді Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы.

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қалада орман алқаптарын, халықтың жаппай демалатын жерлерін - саябақтарды, скверлерді кенеге қарсы өңдеу жалғасып жатыр.

22 сәуірдегі жағдай бойынша барлығы 1478,974 га (62,4%) өңделді, оның ішінде орман алқаптары – 1904,924 га жалпы алаңнан 1017,338 га (53,4%), қаланың барлық аудандарындағы қалалық саябақтар мен скверлерде жұмыс аяқталған.

Естеріңізге сала кетейік, кене шағып алған жағдайда мүмкіндігінше ертерек (кене шаққаннан кейін 4 күннен кешіктірмей) медициналық мекемелердің (травматологиялық пункттерге) көмегіне жүгіну керек. Онда оларға білікті медициналық көмек көрсетіліп, кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары