23.04.2024, 17:57
Жаңалықтар
Павлодар облысында автокөлікке газ құю станциясында тұрмыстық газ баллонын толтырған
Тұрмыстық газ баллонын құйған тұрғын жазаланады
Фото: istockphoto.com
Павлодар облысында автокөлікке газ құю станциясында тұрмыстық газ баллонын толтырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 сәуір күні шамамен сағат 16:45-те облыстық ТЖД пультіне автокөлікке газ құю станциясында тұрмыстық газ баллонын құю жүргізіліп жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.
«Хабарлама Павлодар қаласы ТЖБ КАЖ-да тіркелді. Тексеріс нәтижесінде заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл жағдай өрт қауіпсідік ережелерін бұзып, тұрғындардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіреді, - деді департаментте.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)