$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады

Аймақтарда тұман түсіп, жел күшейеді

Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» синоптиктері ертең, 1 сәуірде Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде таңертең және күндіз көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20, кей уақыттарда 25 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Атырау облысының батысында тұман.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр), көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Серіктес жаңалықтары