31.03.2024, 21:45
Жаңалықтар
ШҚО-да қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылды
Өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалу қаупі бар
Коллаж: Azattyq Rýhy
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалу қаупі бар.
«Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының учаскесінде (Ушанов кенті мен Алтай қаласына дейінгі аралықта) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Сондықтан халықты алыс жолға шыққанда маршрутты алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды